Приозерск қаласының жылу нысандарындағы жөндеу жұмыстары депутаттардың бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысымен танысу мақсатында қалалық қазандыққа барып, атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг жасап, жылыту маусымына дайындықтарын бір пысықтап қайтты. Жылу жүйесінің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында №1, №2 және №3 қазандықтарда жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Сонымен қатар 4 бойлер жөнделіп, экономайзерлер тазартылды. Бұдан бөлек, 2 түтінсорғыш, 25 задвижка және 50 метр құбыр жаңасына ауыстырылды. Приозерск қаласындағы №1 қазандықтың мұржасына қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі уақытта аталған құжаттама мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған жұмыстар жылу нысандарының техникалық жағдайын жақсартуға, жабдықтардың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және жылыту маусымы кезінде туындауы мүмкін ақаулардың алдын алуға бағытталған. Аралау барысында қалалық мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстардың сапасына, нысандардың дайындық деңгейіне және белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударды. Алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргізу және қала тұрғындарын тұрақты жылумен қамтамасыз ету мақсатында аталған жұмыстар қалалық мәслихат депутаттарының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1277686?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді