
Түркістан қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы негізінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай көшесінің солтүстік-шығыс бөлігінің бойындағы аумақтың №5 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы» қала құрылысы жобасы әзірленді.
Қала құрылысы жобасында қабылданған шешімдер бойынша қоғамдық талқылау 2026 жылдың 10 қыркүйек күні сағат 1100-де, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 мекенжайда (Түркістан қаласы әкімдігінің ғимараты, 2 қабат) ұйымдастырылады.
Байланыс телефоны: 8 (778) 249-29-90.
Қоғамдық тыңдау басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей қоғамдық тыңдауға ұсынылған жобаларға өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда, жазбаша нысанда saulet_tur13@mail.ru электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1277003?lang=kk

Жауап қалдыру