Қорғаныс министрлігінің әскери жоғары оқу орнына 200-ден астам үміткер іріктелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында үміткерлерді іріктеу кезеңі аяқталды.

Мандаттық комиссияның қорытындысы бойынша 230-ға жуық азамат әскери жоғары оқу орнында білім алады. Олардың қатарында «Срочники 2.0» бағдарламасы аясында төрт мерзімді әскери қызметші бар. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты Қарулы күштерден бөлек басқа да күштік құрылымдар үшін білікті мамандар дайындайды.

Мемлекеттік квота шеңберінде мұнда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына байланыс, автоматтандырылған басқару жүйелері, радиоэлектрондық барлау, мемлекеттік құпияларды қорғау және радиотехникалық әскерлер бағыттары бойынша әскери мамандар оқытылады. Үміткерлердің барлығы бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Келесі кезеңде олар бір айлық бастапқы әскери даярлық курсынан өтеді. Онда саптық, дене және атыс дайындығы, жалпыәскери жарғыларды зерделеу, сондай-ақ практикалық атыстар қарастырылған.

– Іріктеу талаптары қатаң болғандықтан, нәтижесін алаңдап күттік. Мен үшін әскери жоғары оқу орнына түсу – офицер болам деген арманымның орындалуы. Сондықтан барлық сынақтан өтуге дайын болдым, – деді кандидат Георгий Зазуляк.

Курс аяқталып, даярлықтан сәтті өткеннен кейін жас сарбаздар әскери ант қабылдайды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер арасындағы әскери ынтымақтастық аясында институтта Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының азаматтары да білім алады.

Шетелдік курсанттар өз елдерінде жас жауынгер курсынан өтіп, әскери ант қабылдағаннан кейін институтқа келеді. Сонымен қатар қазақстандық үміткерлердің бір бөлігі Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Череповец, Краснодар және Смоленск қалаларындағы бейінді әскери жоғары оқу орындарында білімін жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1277444?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді