Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бірлескен іс-шаралар жоспары аясында №76 мекеменің тергеу изоляторында сотталғандар арасында волейболдан турнир өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, есірткіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға және сотталғандарды қоғамдық пайдалы қызметке тартуға бағытталды.
Қатысушылар командалық рухын, жеңіске деген жігерін және жоғары спорттық шеберліктерін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және кубоктармен марапатталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне сондай-ақ «Есірткіге жол жоқ!» символикасы бар спорттық футболкалар мен кепкалар табыс етілді.
Есірткінің алдын алу — бұл тек ақпараттық-түсіндіру жұмысы ғана емес, сонымен қатар салауатты әрі белсенді өмір салтын таңдауға мүмкіндік жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1276995?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді