Құқықтан айырылған қарағандылық қайтадан көлік тізгінінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқықтан айырылған қарағандылық қайтадан көлік тізгінінде. Қарағанды облысында көлік басқару құқығынан айырылған 24 жастағы тұрғын қайтадан рөлге отырған. Қарағанды–Шахтинск автожолында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Honda Civic автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің 2022 жылы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол белгіленген шектеуді елемей, қайтадан көлік басқарған. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды. Жиналған материалдар заңда белгіленген шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылған азаматтардың рөлге қайта отыруы заң талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын еске салады. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, белгіленген шектеулерді орындауға шақырамыз. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция заң талаптарын бұзудың әрбір фактісіне заңнамада көзделген шараларды қолданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1277735?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді