Сіз қоңырау шаласыз — олар әрекет етеді: ЖБО қызметкерінің бір жұмыс күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қиын жағдайға тап болдыңыз ба? Күдікті әрекетті байқадыңыз ба? Мүлкіңіз ұрланды ма? Бала жоғалды ма? Жол-көлік оқиғасына тап болдыңыз ба? Бұл — Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы (ЖБО) қызметкерлері күн сайын қабылдайтын өтініштердің бір бөлігі ғана.

Дәл оcы қызметкерлер 102 арнасына келіп түскен қоңырауларды, сондай-ақ eGov платформасындағы «Заң және тәртіп» қосымшасы арқылы жолданған азаматтардың өтініштерін алғашқылардың бірі болып қабылдайды. Сіз оларды көрмейсіз. Алайда сіздің хабарламаңызды дәл осы мамандар қабылдап, жағдайды бағалайды және тиісті әрекет ету тетігін іске қосады.

Әрбір қоңыраудың артында жедел әрі жауапты жұмыс тұр. Қызметкер оқиғаның мән-жайын мүмкіндігінше қысқа уақытта анықтап, қауіп деңгейін бағалап, оқиға орнына ең жақын полиция нарядын бағыттайды.

ЖБО қызметкерлері тәулік бойы, аптасына жеті күн оперативтік жағдайды және қоғамдық тәртіпті бақылап, патрульдік экипаждар мен полицияның басқа да бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді.

Сіз оларды көрмеуіңіз мүмкін. Есімдерін де білмеуіңіз мүмкін. Бірақ дәл сол сәтте сіздің даусыңызды естіп, хабарламаңызды қабылдап, көмекке бастар алғашқы қадамды жасайтын — осы қызметкерлер.

ЖБО қызметкерінің бір жұмыс күні — бұл әрдайым дайын болу: есту, бағалау және жедел әрекет ету.

Тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн — азаматтардың қауіпсіздігі үшін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1277565?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді