
Бүгін Түркістан қаласында «Спорт күніне» орай салтанатты іс-шара өтті. «Мәдениет үйінде» өткен мерекелік жиында спорт саласының ардагерлері, жаттықтырушылар мен спортшыларға құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов құттықтау сөз сөйлеп, спортшылар мен жаттықтырушыларға еңбегі мен жетістіктері үшін алғыс білдірді. Шара барысында спорт саласына үлес қосқан ардагерлер мен спортшылар және жаттықтырушы қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың мамыр–тамыз айлары аралығында өткен «Балалар футбол лигасының» қорытындысы шығарылды. 28 командадан 400-ге жуық жас спортшы қатысқан жарыста үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталып, жеңімпаздар мен жүлдегер командалар анықталды.
Мерекелік шарада спорт саласының үздіктеріне құрмет көрсетіліп, жас спортшылардың жетістіктері атап өтілді. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1277009?lang=kk

Жауап қалдыру