
15–20 тамыз аралығында «Назар аударыңыздар, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналды полиция тобы мен учаскелік полиция инспекторлары аудан аумағындағы су айдындарында профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда, Тоғыс және Бадам су қоймаларында демалушыларға судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, шомылу кезінде сақтық таныту және балаларды су айдындарында ата-анасының қарауынсыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, оларды су айдындарында бақылаусыз қалдырмауды ескертті.
Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр ата-ананың басты міндеті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1277647?lang=ru

Жауап қалдыру