Заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу — Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД кеңесінің басты назарында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ильяс Кирбасовтың төрағалығымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен пробация қызметтерінің басшылығы және жеке құрамымен кеңес өткізілді.

Кеңес барысында ҚАЖД Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі мен Қылмыстық-атқару кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

Өзіндік қауіпсіздік тобының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, әділет майоры Мейір Әмір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің пара алу және пара беру үшін жауапкершілікті көздейтін 366 және 367-баптарының ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, заңдылықты сақтау, қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша мекемелер мен пробация қызметтерінің басшылығы мен жеке құрамына заңнама талаптары жеткізіліп, оларды күнделікті қызметтік жұмыста мүлтіксіз сақтау бойынша тиісті міндеттер қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1277212?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді