
Жаңартылған Конституция-жаңаның негізі
Қазақстан
Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы демократиялық институттарды одан әрі дамытуға, әділеттілік, заң үстемдігі және адам құқықтарын қорғау қағидаттарын нығайтуға ұмтылысты көрсетеді. Конституциялық өзгерістер Республикалық референдум қорытындысы бойынша қабылданды және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың қоғамдық өмірдегі рөлін күшейтуге және құқықтар мен бостандықтардың конституциялық кепілдіктерін нығайтуға бағытталған.
Конституция мемлекеттің негізгі құндылықтары – бірлік, заңдылық, Қоғамдық келісім мен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті айқындай отырып, Тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық негізі болып қала береді.
Негізгі Заңды құрметтеу, оның нормаларын сақтау және әрқайсысының белсенді азаматтық ұстанымы күшті, әділ және гүлденген Қазақстанның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akoy/press/news/details/1277550?lang=ru

Жауап қалдыру