«Жас сақшылар» арнайы тактикалық даярлықтан өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Жас сақшы» сыныбы оқушыларының лагерьдегі танымдық сабақтары жалғасуда. Бұл жолы Шымкент қаласы Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері жас сақшыларға арнайы тәжірибелік сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар тактикалық және саптық даярлықтың негізгі тәсілдерімен танысып, полиция қызметінде тәртіп пен жинақылықтың маңызын білді.

Сонымен қатар жас сақшыларға 9 мм Макаров тапаншасы мен АК-74 Калашников автоматының тактикалық-техникалық сипаттамалары таныстырылып, қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметінің ерекшеліктері туралы қосымша мағлұмат алды.

Осындай тәжірибелік сабақтар жас сақшылардың құқық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, тәртіп, жауапкершілік және отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1277668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді