
19.08.2026 жылы Жетісу облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Әділет департаментінің жеке құрамына құқықтық сауаттылықты арттыруға және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған арнайы профилактикалық сабақ өткізді.
Кездесу барысында полицейлер Жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптарын, заңнамадағы соңғы өзгерістерді, сондай-ақ электр самокаттары мен жеке мобильділік құралдарын пайдалану ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.
Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көзделген жауапкершілікке, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына және барлық жол қозғалысына қатысушылардың белгіленген нормаларды мүлтіксіз орындауына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, әкімшілік полиция қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әкімшілік заңнамаға қатысты бірқатар мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның басты мақсаты — азаматтардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1277429?lang=ru

Жауап қалдыру