2025 жылғы қаңтар –желтоқсан аралығындағы Біржан сал аудандық мәдениет үйінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы қаңтар –желтоқсан аралығындағы                                                  Біржан сал аудандық мәдениет үйінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген  ішкі талдау нәтижелері бойынша

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Степняк қ.                                                                                      2026 жылғы 3 тамыз

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы      № 12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына,  сондай – ақ  Біржан сал аудандық аудандық мәдениет үйі директорының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 8 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес,  Біржан сал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Біржан сал атындағы аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді:

 

1) кәсіпорынның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) әкімдіктің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Талдау кезеңі: 2026 жылдың 1 шілдесінен 30 шілдесіне дейін.

Талданып отырған кезең: 2025 жылдың 1 қаңтарынан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

  1. «Нормативтік құқықтық актілер» бағыты

 Біржан сал аудандық мәдениет үйінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық және жергілікті актілерге талдау жүргізу барысында мекеме жұмысының ұйымдастырылуын, кадрлық рәсімдерді және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелерін рейттейтін ішкі құжаттардың болуына ерекше назар аударылды.

 

  1. «Персоналды басқару» бағыты

Штаттық бірлік саны – 72, нақты қызметкерлер саны 70 адам, бос жұмыс орындарының саны 3 бірлік

Аудандық мәдениет үйінің кадрлық жұмысына жүргізілген талдау барысында кадрлық құжаттарды рәсімдеуде жекелеген бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

1) Жекелеген кадрлық бұйрықтардың болмау жағдайлары, сондай-ақ қызметкерлердің тиісті бұйрықтармен танысқаны туралы қолдарының қойылмаған жағдайлары анықталды.

2) негізгі қызмет бойынша бұйрықтардың нөмірлерінің қайталануы және бұйрықтардың күндерінде сәйкессіздіктер орын алғаны анықталды. Бұл өкімдік құжаттарды тіркеу және рәсімдеу бойынша бақылауды күшейту қажеттілігін көрсетеді.

 

3) Мекеме қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде бақылауды және олардың алдын алуды қамтамасыз ететін, нормативтік тұрғыдан бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің болмауы анықталды.  

Талдау барысында мүдделер қақтығысының орын алғаны анықталған жоқ.

Тәртіптік жазалар

Талдау жүргізілген кезеңде тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалардың саны 0 адам.

 

  1. «Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызмет» бағыты

Анықталған бұзушылықтар басқарушылық және кадрлық құжаттарды рәсімдеуге қатысты ішкі бақылауды жетілдіру қажеттілігін көрсетеді. Бұйрықтарды уақытылы тіркеуге, олардың күндері мен нөмірлерінің дұрыс көрсетілуіне, сондай –ақ қызметкерлердің тиісті құжаттармен танысқанын растайтын қолдарының болуына ерекше назар аудару қажет.

 

Жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау  0.

Біржан сал аудандық Мәдениет үйінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша төмендегілер ұсынылады:

1.Кадр қызметінің жұмысына және кадрлық құжаттарды рәсімдеу кезінде еңбек заңнамасының талаптарының сақталуына бақылауды күшейту;

  1. Кадрлық бұйрықтарды міндетті түрде рәсімдеуді және қызметкерлерді белгіленген тәртіппен бұйрықтармен қол қойғызып таныстыруды қамтамасыз ету;
  2. Бұйрықтарды дәйекті түрде тіркеуді қамтамасыз ету, нөмірлердің қайталануына және өкімдік құжаттардағы күндердің сәйкес келмеуіне жол бермеу;
  3. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, кадрлық құжаттаманы белгіленген талаптарға сәйкес келтіру;
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі бақылау тетіктері мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын нормативтік тұрғыдан бекітуді қамтамасыз ету;
  5. Мекеме басшылығы көрсетілген ұсынымдардың орындалуына тұрақты бақылау жүргізсін;
  6. Сыбайлас жемқорлыққа алғышарттар туғызатын қайшылықтарды, олқылықтар мен коллизияларды анықтау және жою мақсатында мекеме қызметіне қатысты қолданыстағы заңнамаға тұрақты түрде талдау жүргізу;
  7. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарының сақталуына және мүдделер қақтығысына жол бермеуге тұрақты бақылау жүргізу;
  8. Қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес жоспарланған мемлекеттік сатып алуларды белгіленген мерзімдерде өткізуді қамтамасыз ету.

Жұмыс тобының төрайымы,

Біржан салатындағы аудандық мәдениет үйі

директорының міндетін атқарушы                                                            А. Ибраев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal/press/news/details/1277439?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді