2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жүргізу жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жылу беру маусымына дайындық жүргізу жөніндегі штабтың отырысында ЖЭО, жылу желілеріндегі және Шахан кенті қазандығындағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды.

ЖЭО қазандық агрегаттары мен электр жабдықтарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жалпы ұзындығы 178,3 км жылу желілерінде 6,3 км-ден астам құбыр ауыстырылды, тиек арматурасын тексеру және ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Шахан кентінің қазандығында қазандық агрегаттары мен жылу желілерінің жекелеген учаскелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар жоспарлы режимде жалғасуда. Негізгі міндет — алдағы жылу беру маусымында жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1277269?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді