2026 жылғы 18 тамызда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы Тексеру комиссиясының құрылғанына 15 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Б. Абдрахманова құттықтау сөз сөйлеп, ұжым қызметінің маңыздылығын және сыртқы мемлекеттік аудит жүйесін дамытуға әрбір қызметкердің қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Іс-шара барысында Тексеру комиссиясының өз қызметін атқарған жылдары бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға, қаржылық тәртіпті нығайтуға және Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны атап өтілді.
Кәсібилігі, жауапкершілігі, қағидатшылдығы және адал еңбегі үшін Тексеру комиссиясының қызметкерлері ведомстволық наградалармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Салтанатты іс-шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Шығармашылық нөмірлер жылы әрі мерекелік ахуал қалыптастырып, мерейтойлық іс-шараның жарқын қорытындысына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1278233?lang=ru

Жауап қалдыру