
2026 жылдың 19 тамызда Абай облысында Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық аясында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Отырысқа қатысуға Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Абай облысы бойынша әдіснама және бақылау бөлімінің басшы м.а. Қ.Қ. Ахметоллина, Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Отырыста сайлау учаскелерінің дайындығы, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуы, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығын, қолжетімділігі мен айқындығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Жұмыс тобының мүшелері жүргізілген мониторинг нәтижелерін таныстырып, анықталған мәселелер мен оларды жою жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды. Баяндамалар барысында алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға сайлау учаскелерін тиісті деңгейде дайындауға, сайлаушылар үшін қажетті жағдайлар жасауға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін учаскелердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, белгіленген рәсімдердің сақталуына, сондай-ақ жауапты органдар мен сайлау комиссияларының тиімді өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды. Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс тобы сайлау учаскелерінің сайлауға дайындығына жүйелі мониторинг жүргізуді жалғастыру және анықталған кемшіліктерді уақтылы жою қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1277539?lang=ru

Жауап қалдыру