
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Габдушев Алматы қаласындағы №227 және №229 жаңа жайлы мектептерге барып, олардың жаңа оқу жылын бастауға дайындығымен танысты.
Жұмыс сапары барысында мектептердің білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия алуына дайындық мәселелеріне, сондай-ақ толыққанды әрі қауіпсіз білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлардың қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқу және пәндік кабинеттердің, зертханалардың, кітапханалардың, спорт залдарының, асханалардың, медициналық кабинеттердің және басқа да инфрақұрылым нысандарының жағдайы зерделенді. Мектептердің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасының жай-күйі және қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері жеке қаралды.
Аумақтық департамент басшысы Гүлнар Ермекбаевамен бірге дайындықтың өзекті мәселелері мен қажетті жұмыстарды аяқтау мерзімдері талқыланды.
Сапар қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға анықталған ескертулерді уақтылы жоюды және барлық дайындық іс-шараларын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Заманауи, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын қалыптастыру — жаңа мектептерді оқу жылының басталуына дайындау кезіндегі негізгі басымдықтардың бірі.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1277538?lang=ru

Жауап қалдыру