«Анаға тағзым» орталығында ұлттық қолөнерді заманауи технологиялармен ұштастырған «Creative Battle: AI × Ұлттық қолөнер» сайысы өз мәресіне жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хакатон және баттл форматтарын біріктірген жоба ұлттық мәдени мұраны сақтай отырып, Сыр өңірінің ерекшелігін танытатын, нарық сұранысына сай жаңа өнімдер әзірлеуге креативті кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталды. Жоба аясында қатысушылар акселерациялық және іріктеу кезеңдерінен өтіп, «Сырдан сый» тақырыбында өз өнімдерін таныстырды. Нәтижесінде «Creative queens», «Өрнек», «Korik-ai», «Тұмар», «Сыр өрімі» және «Aydia» командалары финалға жолдама алды. Финалдық кезеңде қатысушылар ұлттық киім мен аксессуарлар, тоқыма, былғары, ағаш және табиғи материалдар, керамика, зергерлік және кәдесый бұйымдары бағыттарында жұмыстарын ұсынды. Өнімдер креативтілігі, сапасы, жасалу техникасы, дизайны, қаптамасы және маркетингтік әлеуеті бойынша бағаланды. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар Бас жүлде, I, II және III дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Жоба ұлттық қолөнер мен заманауи технологияларды тоғыстырып, өңірдегі креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер алаңына айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/1278246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді