2026 жылдың 21 тамызында Қызылорда облысы Әділет департаментінің қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің цифрлық көмекшісі – чат-боттың жұмысы да таныстырылды. Мамандар оның көмегімен құқықтық мәселелер бойынша қажетті ақпаратты жылдам алуға, түрлі құқықтық сұрақтарға жауап іздеуге болатыны түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1278074?lang=ru

Жауап қалдыру