
Тілдерді оқыту орталығының тілдік курстары Ақтөбе қаласымен қатар Қарғалы, Хромтау және Мәртөк аудандарында ұйымдастырылған. 2025 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарымен 1710 азамат қамтылып, оның 37 пайызы этнос өкілдерін құрады. Ал ағылшын тілін үйренуге 350 адам тартылды.
2026 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді 1176 адам меңгеруде. Оның 34 пайызы – этнос өкілдері. Сонымен қатар ағылшын тілін 301 азамат оқып жатыр.
«Тіл үйренуге деген қызығушылықты арттыру мақсатында этностардың мемлекеттік және ана тілдерін меңгеруіне арналған бейнесабақтар әзірленіп, әлеуметтік желілерде және басқарманың YouTube арнасында тұрақты түрде жарияланып келеді. Сонымен қатар биыл облыс әкімдігі жанынан қызметкерлерге арналған “Speaking Club” форматындағы тілдік курс ұйымдастырылып, өз жұмысын жүргізуде», – деді Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев.
Тілдерді меңгеруге жағдай жасау және тұрғындардың тілдік құзыретін арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-rodnikov/press/news/details/1277558?lang=ru

Жауап қалдыру