АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ Р. ЖАНАЕВ КӨШЕ КОМИТЕТ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН ЖӘНЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі А.С. Оңғарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Арал қаласының әкімі Р. Жанаев З. Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде көше комитет төрағаларымен және қала тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде қала әкімі Р. Жанаев Арал қаласы бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы және алдағы уақытқа қойылған басым міндеттер жөнінде баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Құрметті жерлестер! Бүгін Сіздердің назарларыңызға қаламыздың
әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алға қойған міндеттердің орындалу барысы туралы негізгі көрсеткіштерді баяндайтын боламын. Біздің басты мақсатымыз – қала экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын көтеріп, қаламыздың даму әлеуетін арттыру. Жоспарланған жобаларды кезең-кезеңімен іске асыра отырып, Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жаңа сатыға көтеру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастырамыз. Бұл орайда Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін өте маңызды. Алдағы уақытта да бірлескен нәтижелі жұмысымыздың арқасында туған жеріміздің өркендету жолындағы бастамаларды табысты жүзеге асырамыз деп сенемін», – деді қала әкімі.

Басқосуда тұрғындар тарапынан кәріз жүйесі, түнгі жарықтандыру мен жол салу, ойын алаңдары, газ және электр энергиясының тарифтік бағасы, тұрғын үй, қоғамдық көлік сынды бірқатар мәселелер айтылды. Арал қаласының әкімі Р. Жанаев тұрғындар көтерген мәселелерді саралап, соған сәйкес тиісті шешімдер қабылданып, жұмыстар реттілігіне сай атқарылатындығын жеткізді.

Кездесуден соң, қала әкімі қала тұрғындарын жекелеген мәселелер бойынша қабылдады.

«Арал қаласы әкімінің аппараты» КММ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-aral/press/news/details/1278142?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді