
2026 жылғы 20 тамызда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Отырысты экономиканы дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі комиссия төрағасы Амангелді Сатыбалдин жүргізді.
Отырысқа депутаттар, ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 7 мәселе қаралды:
Қайрат ауылдық округінің проблемалары мен даму перспективалары, мемлекеттік сатып алудағы ашықтық пен тиімділікті арттыру, аудандық бюджетті нақтылау, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы салық түсімдерінің орындалуы, жайылымдық жерлердің жай-күйі және ауыл тұрғындарын жайылым ресурстарымен қамтамасыз ету, білім беру қызметінің сапасын арттыру жөніндегі шаралар және медициналық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі шаралар туралы.
Депутаттар баяндамашыларға сұрақтар қойып, талқылаудан кейін тиісті мәселелер бойынша қаулылар қабылдады. Бюджетті нақтылау мәселесі кезекті сессияның қарауына енгізілді.
Тұрақты комиссия аудан тұрғындарының өміріне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1277808?lang=ru

Жауап қалдыру