«Аяла» балаларды оңалту орталығында түнгі жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық «Аяла» балаларды оңалту орталығында №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен Кезекші өрт сөндіру қызметінің қатысуымен түнгі өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – балалар тәулік бойы болатын нысанда өрт шыққан жағдайда бөлімшелердің іс-қимылдарын пысықтау, өзара іс-қимылды жетілдіру және шектеулі көріну жағдайында жедел әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында өрт сөндірушілер нысанға келу, шартты өрт ошағын барлау, адамдарды эвакуациялау, балаларды құтқару және жауынгерлік қанат жаю жұмыстарын пысықтады. Мұндай практикалық оқу-жаттығулар өрт сөндірушілердің нақты төтенше жағдайларға дайындығын жоғары деңгейде ұстап, нысандардағы өрт қауіпсіздігін ұйымдастырудағы ықтимал кемшіліктерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1277765?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді