Азаматтардың қауіпсіздігі – полицияның басты басымдығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында полиция қызметкерлері қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өңір аумағында құқықтық тәртіпті сақтау.

Қызметке кірісер алдында Гарнизондық тарату өткізіліп, жеке құрамға құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу және жолын кесуге, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты міндеттер қойылды.

ОПІ өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көшелерде, қоғамдық орындарда, аулаларда, автомобиль жолдарында және бақылауды күшейтуді қажет ететін өзге де аумақтарда патрульдеуді күшейтті.

Көшедегі қылмыстардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерін анықтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғалармен профилактикалық жұмыстар жүргізуге ерекше назар аударылуда.

Полиция заң талаптарын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салады. Қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға тек бірлескен күш-жігер арқылы қол жеткізуге болады.

Жетісу облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. Полиция тұрғындарды азаматтық жауапкершілік танытуға, заң талаптарын сақтауға және қоғамдық тәртіп бұзушылықтарына бейжай қарамауға шақырады.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау полиция қызметінің басты басымдықтары болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1276649?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді