Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы ТЖД қызметкерлері «Сарыарқа» ауданында профилактикалық рейд жүргізді.

Бақытсыз оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ауқымды ақпараттық-профилактикалық акция өткізді.

Рейд барысында құтқарушылар ауданның тұрғын үй алқаптарын аралап, көпқабатты тұрғын үйлердің лифтілеріне жарқын, көрнекі жадынамалар мен жапсырмалар орналастырды. Акцияның басты мақсаты – ата-аналарға балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға көмектесетін қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар қауіпсіздік ережелерін күнделікті еске салып отыру.

Бұл бағыттағы жұмыс Департамент басшылығының ерекше бақылауында және елорданың барлық тұрғын үй алқаптарында тұрақты негізде жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1276597?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді