
Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі М. Рамазановтың төрағалығымен ана өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау мәселесіне арналған Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Селекторлық кеңеске Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдары онлайн форматта қатысты.
Кеңеске Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнаш Губайдуллина төрағалық етті.
Отырыс барысында ана өлімінің алдын алу, жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты медициналық ұйымдарға ана мен бала денсаулығын сақтау бағытындағы жұмысты күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-densaulyk/press/news/details/1278262?lang=ru

Жауап қалдыру