Бүгін мемлекеттік қызметшілер арасында кеңес өткіздім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін мемлекеттік қызметшілер арасында кеңес өткіздім.
Кеңеске Қаратөбе аудандық жастар ресурстық орталығының теолог маманы қатысып, лудоманияның алдын алу, оның қоғамға және отбасы институтына тигізетін кері әсері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік әдеп қағидаларын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шара өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін пайдалы ақпараттық алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1277463?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді