
Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес кезекті кездесу Сауран ауданында жалғасын тапты.
Кездесуге Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» бас маманы Биділдә Ербол Серікбайұлы, Сауран ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дәуірхан Сейілбекұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның өкілі Райымбек Айнель Алтынбекқызы және Сауран ауданында орналасқан жеке меншік мектеп, балабақша басшылары, жеке кәсіп иелері және білім беру саласының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы жұмыс берушілерге қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан туындайтын әлеуметтік тәуекелдерді азайту және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, сақтандыру шартын уақтылы жасасудың маңыздылығы, жұмыс берушінің міндеттері және қызметкерлердің еңбек құқықтары жан-жақты түсіндірілді.
Жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша заң талаптарын орындау қажеттігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1277075?lang=kk

Жауап қалдыру