ДЕПАРТАМЕНТ: «САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ» ММ-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Үстіміздегі жылдың 20 тамыз күні Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «Сарыағаш ауданының білім бөлімі» ММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадуллаұлы жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстыру және еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын түсіндіру мақсатында «Сарыағаш ауданының білім бөлімі» ММ ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
 
Кездесу барысында Рауан Жұмадуллаұлы еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын бақылау, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек қатынастары саласындағы міндеттерінің орындалуы, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының құрылуы басты назарда екендігін атап өтті.
 
Сонымен қатар, еңбек шарттарын жасасу және рәсімдеу, жұмыс уақыты мен тынығу режимін сақтау, еңбекке ақы төлеу, жұмыскерлерге тиісті еңбек кепілдіктерін беру және еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуына назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1277899?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді