Екібастұзда пәтердегі өткір химиялық иіске байланысты жасөспірімдерге құтқарушылардың көмегі қажет болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласында «112» пультіне құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті. Пәтерде құрамында тазартқыш және дезинфекциялық зат бар пластик бөтелке жарылып, өткір иіс бүкіл пәтерге тараған. Иістің әсерінен екі жасөспірім балконға шығып, сол жерде қалып қойған.

          Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тыныс алу аппараттарын киіп, пәтерге кірді. Олар балконнан 14 жастағы жасөспірімді тауып, оған қорғаныш маскасын кигізіп, сыртқа алып шықты. 2010 жылы туған қыз құтқарушылар келгенге дейін пәтерден өздігінен шығып кеткен.

          Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтап, тұрмыстық химиялық заттарды сақтау ережелерін қатаң ұстануды ескертеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1278242?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді