ХАБАРЛАНДЫРУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚҰРМЕТТІ  ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Жезқазған қаласы әкімдігінің  «Жезқазған қаласының кейбір қайталанған және  атауы жоқ құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша  ұсыныстарды Жезқазған қалалық мәслихатының  қарауына енгізу туралы» қаулысы негізінде Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Жезқазған қаласының қайталанған Б.Момышұлы көшесіне және Батыс ауданындағы атауы жоқ көшелерге атау беру мәселесі бойынша көпшілік тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Осыған орай, Сіздерді 2026 жылдың 21 қыркүйегінде өтетін көпшілік тыңдауға қатысуға шақырамыз.

Тыңдау Жезқазған қаласы, Есенберлин көшесі, 9 А мекенжайында орналасқан «Облыстық әмбебап кітапханасы» КММ ғимаратының үлкен залында сағат 15.00-де өтеді.

Қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-ден басталады.

 

Жезқазған қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/press/news/details/1277830?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді