Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10, 19-баптарына сәйкес аудандық мәслихат төрағасы 2026 жылдың 27 тамыз күні сағат 11.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші сайланған Индер аудандық мәслихатының кезекті LVІ сессиясын шақыру туралы шешім қабылдады.
Сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер:
1.Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы.
Хабарламашы: Үмітқалиева Айгүл Аралбайқызы – Индер аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.
2. Аудандық құрылыс бөлімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы.
Хабарламашы: Ілиясов Дарын Ілиясұлы – Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы.
3. Басқа да мәселелер.
Индер аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың 27 тамыз күні сағат 09.00-де аудандық мәслихат төрағасының бөлмесінде өткізіледі.
Индер аудандық мәслихатының аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-inder-district/press/news/details/1276661?lang=ru

Жауап қалдыру