Көкшетауда қоғамдық келісімді нығайтудағы жастардың рөлі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетауда қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Жиынға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, журналистер, жастар мен қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын сақтау, дәстүрді дәріптеу және аға буынның тәжірибесін жастарға жеткізудің маңызы сөз болды.

Дөңгелек үстелде жастардың бастамалары, Аналар кеңесінің жұмысы, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті насихаттаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қарастырылды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғамдық келісімді нығайтуда мемлекет пен қоғам институттарының бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1278293?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді