
Көктал ауылдық округі әкімдігінің мәжіліс залында интернет алаяқтықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерсаинов Ерлан Ерсаинович, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция майоры Нураханов Нуржан Кайратович және Көктал ауылдық округінің әкімі Кадырбаев Батырбек Рустембайұлы қатысты.
Жиын барысында интернет алаяқтықтан сақтану жолдары, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері талқыланды.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, заң талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-koktal/press/news/details/1278123?lang=ru

Жауап қалдыру