
стана қаласы ТЖД ұжымы азаматтық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет атқарған әріптестерін салтанатты түрде құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
Бұл күні Анықтау бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ғани Нәлібаевқа, Алматы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Айдар Әбухановқа және №10 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Манарбек Қантарбаевқа алғыс пен құрмет сөздері айтылды.
Департамент бастығы Марат Мұхаметқалиұлы ардагерлерді құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, олардың азаматтық қорғау органдарының дамуына қосқан зор үлесін, көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігін ерекше атап өтті.
Әріптестері де қызметке деген адалдығы, мол тәжірибесі мен жауапкершілігі үшін шынайы ризашылықтарын білдіріп, жаңа өмір кезеңінде зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен толайым табыс тіледі.
Құрметті демалысқа шығарып салу рәсімі – ел қауіпсіздігі жолында ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарған азаматтарға көрсетілген ерекше құрметтің белгісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1276603?lang=ru

Жауап қалдыру