
Ү.ж. 20 тамыз күні Уәлиханов аудандық мәслихаты депутаттарымен жұмыс кеңесі өтті. Аппарат басшысы Төлеубаева Айжан Егінбайқызы депутаттар алдында түсіндірме жұмысын жүргізіп, екі маңызды тақырып бойынша баяндама жасады.
Жергілікті басқару туралы заңға өзгерістер:
Мәслихаттардың өкілеттігі кеңейеді, оның негізгілері: елді мекендерді санитарлық тазарту қағидаларын бекіту, тұрғындарды көтермелеу шараларын анықтау сияқты жаңа функциялар қосылады; аппарат басшысының өкілеттігі заңда алғаш рет нақты бекітілді; депутаттық сауалға жауап беру мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқарады.
Екінші мәселе: «Smart Maslihat-2030» жаңа жұмыс моделі
Аппарат басшысы депутаттарға 2026-2030 жылдарға арналған «Smart Maslihat-2030» жаңа жұмыс моделін таныстырды. Модель бес жобадан тұрады:
«Цифрлық депутат» – құжат айналымын, дауыс беруді және депутаттық тапсырмаларды бақылауды электрондық форматқа көшіру;
«Ашық маслихат» – сессия шешімдерін жариялау, тұрғындарға түсінікті тілде түсіндіру;
«Халықтық мониторинг» – тұрғындардың өтініштері бойынша депутаттардың жергілікті жерге шығып, мәселені қадағалауы, «Аудан мәселелерінің картасын» әзірлеу;
«Депутат жаныңызда» – ауылдық округтерде тұрақты қабылдаулар мен тұрғындармен кездесулер;
«Тиімді депутат және аналитикалық аппарат» – депутаттарға сараптамалық және талдамалық қолдау көрсету.
Модельдің басты мақсаты – мәслихатты тұрғындарға жақын, ашық және нәтижеге бағытталған заманауи институт ретінде қалыптастыру.
Бұндай стратегиялық маңызды құжат әзірлеу үшін Айжан Төлеубаеваның @apa.kz ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясындағы оқуынан кейінгі нәтижесі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1278079?lang=ru

Жауап қалдыру