
2026 жылғы 19 тамызда сағат 10:05 шамасында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жедел қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару барысында Ақтау қаласының 21-шағын ауданы маңында жол бойында өртеніп жатқан «Газель» маркалы автокөлікті байқап, дереу көмек көрсету үшін тоқтаған.
Полиция қызметкерлері жағдайды бағалай отырып, уақыт жоғалтпастан қызметтік автокөлікте бекітілген өрт сөндіргіш құралын пайдаланып, жалынды сөндіруге кірісті. Оқиға орнына жақын маңдағы тұрғындар да келіп, полицейлерге өртті ауыздықтауға көмектесті.
Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктегі өрт аккумулятор жүйесіндегі қысқа тұйықталу салдарынан тұтанған.
Полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт толықтай сөндіріліп, оның автокөліктің басқа бөліктеріне және айналадағы аумаққа таралуына жол берілмеді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етуі ықтимал қауіптің алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Маңғыстау облысының полициясы азаматтарды автокөліктердің техникалық жағдайына, әсіресе электр жабдықтары мен аккумулятор жүйесінің жарамдылығына мұқият назар аударуға шақырады.
Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігінен басталады.
https://www.instagram.com/reel/DcS_gopsRtX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1278124?lang=ru

Жауап қалдыру