Маңғыстауда заманауи көкөніс сақтау қоймасының қуаты артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған заманауи көкөніс қоймасы жұмыс істеп тұр. Жоба өңірдегі азық-түлік өнімдерін сақтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, өнімнің сапасын сақтауға және ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған.

Бүгін, 21 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы «Asia Fruit Aktau» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты.

Кәсіпорын мұздатқыш және тоңазытқыш жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Қойма ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған. Оның жалпы ауданы 3 131,4 шаршы метрді құрайды, ал сақтау қуаты 5 мың тоннаға дейін жетеді. Кәсіпорынның негізгі қызметі – қойма үй-жайларын жалға беру.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарына ерекше мән береді. Мұндай жобалар өнімдерді тиісті жағдайда сақтауға, шығынды азайтуға және жергілікті нарықты сапалы өніммен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан қойманың тиімді жұмыс істеуімен қатар, оның қуатын толық пайдалануға жағдай жасау маңызды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру – өңір экономикасын дамытудағы негізгі міндеттердің бірі, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сапар қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты мемлекеттік органдарға жобаны іске асыруға қатысты мәселелерді пысықтап, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне қажетті қолдау шараларын қарастыруды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1278332?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді