
Ағымдағы жылдың 21 тамызында Департамент басшысы Гүлнәр Темірболатқызы Таласбаева Қызылжар ауданы «Беловская орта мектебі» КММ 120 оқушыға арналған жаңа ғимарат құрылысымен танысты.
Мектеп құрылысының бас мердігері «Зерттеу СК» ЖШС, техникалық қадағалау – «Технинжиниринг» ЖШС, авторлық қадағалау – «Готика» БПҰ» ЖШС болып табылады. Нысанның құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды, жоба бойынша аяқтау 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған.
Бүгінгі таңда нысанда 42 адам жұмыс істейді, жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанның жалпы дайындығы 30% құрайды.
Департамент басшысы мектеп директорына білім алушылардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1278207?lang=ru

Жауап қалдыру