
«Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен Тимирязев аудандық мәслихатының депутаты, төрағасы Айман Асанова марапатталды.
Салтанатты жағдайда Мемлекет басшысының атынан марапатты Айман Серікқызына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов табыстады.
Айман Серікқызын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, отбасына амандық пен бақ-береке, жұмысына толағай табыс, ауданымыздың игілігі жолындағы қызметіне жаңа жетістіктер тілейміз. Кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, аудан тұрғындарының игілігіне бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асыруға септігін тигізе берсін!
Құрметпен,
аудандық мәслихат депутаттары мен аппараты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/timiryazmaslihat-sko/press/news/details/1276461?lang=ru

Жауап қалдыру