«Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу».

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 СЕМИНАР-САБАҚ

       2026 жылғы 20 тамызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандарына арналған «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар-сабақ өткізілді.

    Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және қызметкерлер арасында тәуелді мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде өткізілді.

    Баяндамамен Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Тагаева Г.Ж. және Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Заманбеков З.С. сөз сөйледі.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, қызметтік әдеп нормаларын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің ережелерін сақтауы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.

     «Сұрақ-жауап» сессиясы барысында қатысушылар қызметтік әдеп нормаларын сақтауға қатысты практикалық мәселелер бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің діни іс-шараларға қатысуының жол берілетіндігі жөнінде түсіндірмелер алды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындауын көрсетуі мүмкін жағдайлар орын алған кездегі мемлекеттік қызметшінің әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

    Іс-шараның қорытынды бөлімінде қатысушылар лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне байланысты практикалық жағдайларды талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Семинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, пікірталасқа белсенді түрде қатысуға мүмкіндік алды.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1277472?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді