Меркі аудандық мәслихаттың 63-ші сессиясы өтті: Білім беру мекемелерінің оқу жылына дайындығы, бюджет және «Ауыл аманаты» талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 21 тамызы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Мұратбек Көрекбаевтың төрағалығымен кезекті 63-ші сессия болып өтті.

Отырысқа аудан әкімі Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов, аудан әкімдігі бөлімдерінің, мекемелерінің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне 7 маңызды мәселе ұсынылып, талқыланды:

  1. Меркі ауданы аумағындағы білім беру мекемелерінің 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы;

  2. «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында Меркі ауданында атқарылған жұмыстар барысы туралы;

  3. «2026-2028 жылдарға арналған Меркі ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №53-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

  4. Меркі ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы;

  5. Меркі аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;

  6. Меркі аудандық эвакуациялық комиссиясының құрамын бекіту туралы;

  7. «Жер комиссиясының құрамын және комиссия ережесін бекіту туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2026 жылғы 6 сәуірдегі №57-11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1278148?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді