2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға өтеусіз пайдалану және қайтару шарттарымен берілетін жекелеген техникалық оңалту құралдарымен және арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етудің сервистік моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды.
Жобаның басты мақсаты — техникалық оңалту құралдарын пайдаланудың үздіксіздігін қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарды сервистік сүйемелдеу сапасын және мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.
Пилоттық жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасында көзделген және техникалық оңалту құралдарын бүкіл өмірлік циклі бойы сүйемелдеудің жаңа сервистік моделін енгізуге бағытталған.
Пилоттық жоба елдің үш өңірінде — Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында іске асырылуда.
Техникалық құралдарды беру және оларға қызмет көрсету Қарағанды қаласы, Р. Люксембург көшесі, 1а мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.
Пилот аясында арнайы сарапшылық комиссия құрылды, оның мүшелері құралдардың жай-күйін бағалау және шешімдер қабылдау үшін қажетті білім мен тәжірибеге ие. Комиссия құралдарды өтеусіз пайдалануға беру және оларды қайтару, жөндеу жүргізу, мерзімінен бұрын ауыстыру, сондай-ақ оларды ауыстырудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) қайтару немесе бұдан былай пайдалану туралы шешім қабылдауға уәкілетті.
Бағалау мынадай жағдайларда жүргізіледі: ТОҚ-тың пайдалану мерзімі аяқталғанда;жөндеу немесе ауыстыру қажет болғанда;пайдаланушының физикалық параметрлері өзгергенде;ТОҚ-ты пайдалану аяқталғаннан кейін ол қайтарылғанда.
Техникалық құралдарды қайтару кезінде мамандар бұйымның жиынтықтылығын және техникалық күйін тексереді; қажетті құжаттарды ресімдейді; мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді; санитарлық өңдеу мен техникалық тексеруді жүргізеді.
Тексеруден кейін ТОҚ:
– басқа алушыға қайта берілуі мүмкін;
– жөндеуге жіберілуі мүмкін;
– бұдан былай пайдалануға мүлдем жарамсыз болған жағдайда есептен шығарылуы (жойылуы) мүмкін.
ТОҚ-ты ауыстыру мынадай жағдайларда талап етілуі мүмкін:
– бұйымды бұдан былай пайдалану қауіпті болса;
– жөндеу мүмкін емес немесе тиімсіз болса;
– пайдаланушының физикалық параметрлері өзгерсе;
– бұйым қайтадан күрделі жөндеуді талап етсе.
ТОҚ-ты жөндеу мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
– жиырма жұмыс күніне дейін – ірі жөндеу;
– он жұмыс күніне дейін – орташа жөндеу;
– бес жұмыс күніне дейін – ұсақ-түйек жөндеу.
Пилоттық жоба мыналарды қамтиды:
-протездік-ортопедиялық құралдар (балалар мен ересектерге арналған жүрістік арбашалардың (ходунок) әртүрлі түрлері, киінуге арналған құрылғылар мен қармауыштар);
-сурдотехникалық құралдар (веб-камерасы бар ноутбуктер, сигналдық жүйелер, бейнебайланысы мен мәтіні бар ұялы телефондар, арнайы сағаттар);
–тифлотехникалық құралдар (оқу машиналары, сөйлеу синтезі бар ноутбук, Брайль аспаптары мен грифельдері, сөйлейтін сағаттар, дыбыстық хабарламасы мен диктофоны бар ұялы телефондар, плеерлер, дыбыстық шығысы бар термометрлер, тонометрлер және глюкометрлер, сөйлеу синтезі бар портативті тифлокомпьютер);
-арнайы жүріп-тұру құралдары (бөлмеішілік, серуендік, белсенді және көпфункционалды кресло-арбалар, сондай-ақ ысырмалы арбалар (каталка);
-гигиеналық құралдар: ванна мен дәретхана бөлмелеріне арналған тіреуіш тұтқалар.
Пилоттық механизм қолданыстағы нормалар мен ТОҚ-пен қамтамасыз етудің қазіргі тәртібін жоймайды. Заңнамада белгіленген қызмет ету мерзімі өткеннен кейін азаматтар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жаңа құралдарды алуға өздерінің барлық құқықтарын сақтап қалады. Пилоттық жоба жүйені шектеуге емес, оны икемді, ашық және адамның нақты қажеттіліктеріне ескере отырып, толықтыруға және жетілдіруге арналған.
Жобаны іске асыру оңалту көмегінің қолжетімділігін арттырады және мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.
«Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-shahtinsk/press/news/details/1276704?lang=ru

Жауап қалдыру