
Әр азаматтың мүлкі заңмен қорғалады. Өз мүлкіңіздің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы көптеген құқық бұзушылықтың алдын алуға болады.
Өзіңізді қалай қорғауға болады:
✔️ Үйден шыққанда есік пен терезелердің жабық екеніне көз жеткізіңіз.
✔️ Бағалы заттарды қараусыз қалдырмаңыз.
✔️ Бейтаныс адамдарға жеке деректеріңізді және тұрғын үйіңіз туралы ақпаратты бермеңіз.
✔️ Автокөлікті тек күзетілетін немесе жарықтандырылған орындарға қойыңыз.
✔️ Күдікті жағдайларды байқасаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-alga/press/news/details/1277127?lang=ru

Жауап қалдыру