
НАҚТЫ МІНДЕТТЕР – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗІ
Жетісай ауданында алдағы кезеңге белгіленген міндеттердің орындалуын пысықтау, өзекті мәселелерді саралап, тиісті саладағы жұмыстарды жүйелеу бағытында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті.
Табиғи газбен және қатты отынмен жылытылатын әлеуметтік және басқа да нысандардың 2026 – 2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындығы жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі ретінде қаралып, жауапты сала мамандарының баяндамасы тыңдалды. Дайындықтың талқыланып, қажетті жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған шаралар таныстырылды.
Сонымен қатар, аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мен аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында салықтық түсімдерді арттыру бағытындағы жұмыстар да сөз болды. Бұл ретте бюджет кірісін қамтамасыз ету, салықтық түсімдердің орындалуын бақылау және берешектерді азайту мәселелеріне назар аударылды.
Мәжілісте аудан әкімінің орынбасарлары өздерінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша, атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаларды іріктеу және сүйемелдеу, қала, кент және ауылдық округтерде өндірістік парктер ашу, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстардың орындалу барысы мен тұрғындардың тұтынған ауыз суға берешегін өндіру мәселелерін баяндады.
Жиын барысында аудан әкімі тарапынан көтерілген мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындауға бағытталған нақты тапсырмалар берілді. Орындалу мерзімі белгіленді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1277199?lang=ru

Жауап қалдыру