Облыстық тамыз кеңесінде үздіктер марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тамыз конференциясында үздіктер марапатталды

Облыс әкімі Берік Уәлиұлының қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.
Жиын барысында білім саласындағы үздіктер марапатталып, олардың еңбегіне лайықты баға берілді.

Жиында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен Абай ауданының білім бөлімінің басшысы Скакова Бакизат Нұрмұхаметқызы мен «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен Бекбосынов орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Шаянбай Үмітхан Айтқалиқызы марапатталды.

Сонымен қатар, «Үздік ұйым» байқауының жеңімпазы- ЖББ Қарауыл гимназиясы арнайы марапатталып, 10 млн теңгенің қаржылай сертификатына ие болды.

Бүгінгі марапаттар ауданымыздың білім саласында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мен ұстаздар қауымының еселі еңбегінің нәтижесі.

Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1277842?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді