
Жасұлан Садвақасовтың төрағалығымен Екібастұз қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста Екібастұз қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Бюджетті нақтылау мәселесін талқылау барысында Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылып отырған өзгерістермен танысып, сұрақтар қойып, бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану бойынша ұсыныстарын білдірді.
Сонымен қатар Шідерті поселкесінде коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын, сондай-ақ қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекітуге қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша шешім жобалары қолдау тапты.
Екібастұз қаласының №1, №2 және №3 емханаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асырудың тиімділігіне, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселесіне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында медициналық ұйымдардың қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар берілді.
Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қоғамдық кеңес мүшелері жерлерді ұтымды пайдалану және жайылымдық аумақтарды басқару жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.
Қаралған мәселелер Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына алынды. Айтылған ұсыныстар мен ұсынымдар тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1277902?lang=ru

Жауап қалдыру