
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес Аягөз аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша 20-21 тамызда Аягөз қаласында Аягөз аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен сайлау учаскелерінің мүшелерімен оқыту семинар өткізілді. Семинар барысында Құрылтай депутаттарын сайлауын өткізудің дайындығы және ұйымдастыру мәселелерімен,сайлаушыларды ақпараттандыру, сайлау процесіне қатысушылардың өзара іс қимылдары,мүгедек жандарға сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптары жөнінде түсіндіружұмыстары жүргізілді. Оқыту семинар тренингке жалгасып, учаскелік сайлау комиссияларының сұрақтарына жауап берумен аяқталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/1278220?lang=ru

Жауап қалдыру