
Жарнамалық конструкцияны орнатпас бұрын оның орналасуына қажетті келісімдер мен құжаттарды рәсімдеп, жарнаманың қала сәулетіне және ғимараттардың сәулеттік келбетіне қойылатын талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
Мониторинг барысында қажетті рұқсаттар мен келісімдерсіз орналастырылған заңсыз жарнамалық конструкциялар анықталуда. Анықталған бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Кәсіпкерлерді жарнамалық конструкцияларды орнатпас бұрын қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеуге және белгіленген талаптарды сақтауға шақырамыз.
Заң талаптарын сақтау — қаламыздың сәулеттік келбетін және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға қосқан үлесіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1277456?lang=ru

Жауап қалдыру