Ауданаралық мәдени байланысты нығайту, шығармашылық әріптестікті арттыру және өнерпаздар арасында тәжірибе алмасу мақсатында Ордабасы аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары Төлеби аудандық Мәдениет үйінің арнайы шақыртуымен «Төлеби өрнектері» мәдени іс-шарасына қатысты.
Мәдени кеш барысында Ордабасыдан келген өнерпаздар әсем әнмен ұлттық өнердің мәйегін көпшілік назарына ұсынып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнерпаздардың әрбір әні көрерменнің ыстық ықыласы мен зор қошеметіне бөленіп, мәдени кеш өзара сыйластық пен шығармашылық үндестіктің жарқын көрінісіне айналды.
Өнер – ұлттың рухани қазынасы, ал мәдени байланыс – ел бірлігін нығайтатын алтын көпір!
Жауап қалдыру